Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 наурыз N 281
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 395 Қаулысымен (22.06.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
Редакция 25.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2022 жылғы № 976 Қаулысына сәйкес (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары бекітілсін.
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 395 Қаулысымен (22.06.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
5 наурыздағы
Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.04.2013 жылғы № 395 Қаулысымен (22.06.2005 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 24.04.2013 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге (бұдан әрі – объектілер) атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2022 жылғы № 976 Қаулысына сәйкес (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру кезінде мынадай талаптар ескерілуге тиіс:
1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
2) әдеби тіл мен орфография нормаларына сәйкестік;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.12.2022 жылғы № 976 Қаулысына сәйкес (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
4) қаһармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға ерен үлес қосқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдардың есімдерін қайтыс болған күнінен бастап кемінде бес жыл өткен соң беру;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.06.2017 жылғы № 380 Қаулысына сәйкес (24.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.06.2017 жылы № 117 (28496) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.04.2020 жылғы № 207 Қаулысына сәйкес (26.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру.
2-1. Объектілерге жалқы есімдерді берген кезде қазақ есімдері, әкесінің аттары және тегі, сондай-ақ дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақ есімдері мемлекеттік тілде жазылады.
1-тарау 2-1-тармағымен толықтырылды ҚР Үкіметінің 05.12.2022 жылғы № 976 Қаулысына сәйкес (өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру тәртібі
2-тараудың атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Объектілерге атау беру, сондай-ақ олардың атауларын өзгерту, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жалқы есімдер беру үшін ономастика саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттар ұсынылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.02.2018 жылғы № 66 Қаулысына сәйкес (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.12.2022 жылғы № 976 Қаулысымен (15.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) орталық мемлекеттік органдар, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өтінішхаты:
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2) орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша заңды тұлғаның ұжымы өткізген жиналыстың хаттамасы;
4) физикалық-географиялық объектілерді қоспағанда, объектіге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша объектінің бірінші басшысының ұсыныс хаты;
5) объектілерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы анықтамалық материалдар (мәліметтер, архивтік және басқа да деректер);
6) анықтамалық материалдар қоса берілген, осы Қағидалардың 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларының талаптарын ескере отырып, объектіге, мемлекеттік заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға есімін беру (қайта атау) ұсынылатын тұлғаның өмірбаян деректері;
7) объектіге атау беру және қайта атау, сондай-ақ оның атауының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру бойынша қаржыландыру көздері туралы мәліметтер.
5. Комиссия келіп түскен құжаттарды қарағаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөніндегі қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) жолдайды.
6. Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде Комиссия қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары Комиссия қорытындысымен қоса Қазақстан Республикасының Үкіметіне объектілерге атау беру жөніндегі қаулы жобасын енгізеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2018 жылғы № 690 Қаулысына сәйкес (19.02.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.08.2023 жылғы № 665 Қаулысына сәйкес (05.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Объектілерге атау беру Комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.08.2023 жылғы № 665 Қаулысына сәйкес (05.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз өкілеттіктері шегінде Комиссия қорытындысының негізінде мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға атау беру, олардың атауын өзгерту, атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және оларға адамдардың есімдерін беру туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалар 9-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.08.2023 жылғы № 665 Қаулысына сәйкес (өзгерту 25.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi