"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына М.Б. Ықсановтың есімін беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 368 қаулысы
1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына М.Б. Ықсановтың есімі берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия