Близость слов: Окончание:





Алматы облысы "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді атындағы мектеп жанында шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 389 қаулысы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Амангелді атындағы мектеп жанында шағын орталығы бар орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев 
Полная версия
ИС BestProfi