Близость слов: Окончание:





Қостанай облысының білім беру ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 9 қаулысы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 8 құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 2 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мұса Шожановтың есімі;
2) "Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сапар Ерғалиевтің есімі берілсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Маяковский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Омар Шипин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаеев
Полная версия
ИС BestProfi