"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Астана халықаралық әуежайын қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 381 қаулысы
Редакция 10.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.07.2020 жылғы № 436 Қаулысына сәйкес (20.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Полная версия