Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір теміржол станцияларының атауын және атауларының транскрипциясын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 787 қаулысы
"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына жəне "Қазақстан Республикасының аумағындағы əуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық жəне мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транс- крипциясын нақтылау мен өзгерту жəне мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сəйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сəйкес теміржол станцияларының атаулары өзгертілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сəйкес теміржол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін.  
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы 
 Үкіметінің 
 2017 жылғы 29 қарашадағы 
 №787 қаулысына 
 1-қосымша  
    Атауы өзгертілуге тиіс теміржол станцияларының тізбесі Ақмола облысы бойынша
Қарағанды тасымалдау бөлімшесінің Вишневка теміржол станциясы – Аршалы теміржол станциясына;
Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің Киргильда теміржол станциясы – Əлімбет теміржол станциясына;
Алматы тасымалдау бөлімшесінің Қорғас теміржол станциясы – Алтынкөл теміржол станциясына;
Алматы тасымалдау бөлімшесінің Жаркент теміржол станциясы – Құндызды теміржол станциясына;
Шығыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Лениногорск теміржол станциясы – Риддер теміржол станциясына;
Шығыс Қазақстан тасымалдау бөлімшесінің Защита теміржол станциясы – Өскемен-1 теміржол станциясына;
Жамбыл тасымалдау бөлімшесінің Джамбул теміржол станциясы – Тараз станциясына;
Полная версия
ИС BestProfi