Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.10.2021
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15689 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 9 қазаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ -73 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.07.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10966 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдеріне Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 18 тамызда
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 358 бұйрығымен
бекітілген
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексін (бұдан әрі – Кодекс), «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленген және тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне (бұдан әрі – объектілер) қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
1) құрылыс салуға жер учаскесін таңдауға, объектілерді жобалауға, қайта бейіндеуге, реконструкциялауға және жөндеуге;
2) сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге және ауаны баптауға;
Полная версия
ИС BestProfi