Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.07.2020
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі
Осы Заң күшін жойды 2020 жылғы 19 шілдеден бастап ҚР 07.07.2020 жылғы № 360-VI Заңына сәйкес
Құжат мәтініндегі «салауаттылығы», «салауаттылық», «салауатты», «салауаттылығының», «салауаттылығын», «салауаттылыққа», «салауаттылығына», «салауаттығы», «Салауатты», «принциптер», «принциптері», «принциптеріне», «принциптерін», «принцип», «принциптердің», «принципі», «принциптерімен», «тіркеу деректемесіне», «тіркеу деректеріне», «тіркеу деректерінің», «тіркеу деректемесінің», «Тіркеу деректеріне», «тіркеу деректері», «тіркеу деректерінде», «тексеріп-қараулардың», «тексеріп- қарау», «тексеріп-қараудың», «тексеріп-қаралуға», «тексеріп-қараудан», «тексеріп-қарауы», «тексеріп-қарауды» «тексеріп-қарауға», «көрсетімдер», «айғақтары», «айғақтарсыз», «айғақтар», «айғақтардың», «өмірді сақтау айғақтары» сөздері «саламаттылығы», «саламаттылық», «саламатты», «саламаттылығының», «саламаттылығын», «саламаттылыққа», «саламаттылығына», «саламаттылығы», «Саламатты» , «қағидаттар», «қағидаттары», «қағидаттарына», «қағидаттарын», «қағидат», «қағидаттардың», «қағидаты», «қағидаттарымен», «тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасының», «Тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасы», «тіркеу дерекнамасында», «қарап-тексерудің», «қарап-тексеру», «қарап-тексерудің» «қарап-тексерілуге», «қарап-тексеруден», «қарап-тексеруі», «қарап-тексеруді», «қарап-тексеруге», «көрсетілімдер», «көрсетілімдері», «көрсетілімдерсіз», «көрсетілімдер», «көрсетілімдердің», «тіршілік көрсеткіштері» сөздерімен ауыстырылды ҚР 06.04.2015 жылғы № 299-V Заңы бойынша (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2015 жылы №63 (28543) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді).
Редакция 06.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторландырылған генерик – бірегей препаратқа ұқсас, сол бір өндірушінің өзі шығаратын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препарат;
1-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрi – мекендеу ортасы) – адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;
2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;
3) анонимдік қарап-тексеру - адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық қарап-тексеру;
4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі – төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;
5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
5-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;
7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;
8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:
орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;
әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;
Полная версия
ИС BestProfi