БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.06.2025
«Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 наурызда № 16548 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 14 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 29.05.2025 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджет түсімдерін болжау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10322 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«3. Жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдерді болжау «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.»;
«7. Жоспарлы кезеңге арналған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінің салықтық әлеуетін бағалауды айқындау кезінде қолданыстағы заңнама жағдайында ағымдағы жыл бойынша салықтық әлеует негізге алынады.»;
«2-тарау. Республикалық бюджетке түсетін түсімдерді болжау»;
«3-тарау. Салықтық түсімдер»;
«24. Республикалық бюджет есебіне жатқызылатын басқа да төлемдерге:
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;
радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
Полная версия

