Близость слов: Окончание:





Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы  
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 сәуірде № 16772 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (03.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 61-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 203 Қаулысына сәйкес (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.08.2025 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (17.10.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (03.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.  
2. «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 80 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1517 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Ақпараттық қауіп және киберқорғау басқармасы (Перминов Р.В.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.  
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
6. Осы қаулы, 2018 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 48 қаулысына
1-қосымша
Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.11.2019 жылғы № 203 Қаулысымен (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 03.08.2020 жылғы № 72 Қаулысымен (19.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар өзгертілді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 17.02.2021 жылғы № 34 Қаулысымен (03.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.04.2022 жылғы № 30 Қаулысына сәйкес (17.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 61-5-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (бұдан әрі – банк) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – ұйым) ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi