Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 17250 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
1. Осы Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) 5-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және КЖТҚҚ туралы заңның 3-бабы 1-тармағының 1) (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), 2) (тауар биржаларын қоспағанда), 3), 4), 5) және 11) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілеріне (бұдан әрі – қаржы мониторингі субъектілері) қолданылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 жылғы № 216 Қаулысына сәйкес (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қаржы мониторингі субъектісі клиенттермен іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату туралы шешімді қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі – КЖТҚ) тәуекелі дәрежесінің бағасын клиенттердің типтері бойынша, елдік (географиялық) тәуекелді, қызметтер (өнім) және (немесе) оны беру тәсілі тәуекелін ескере отырып, дербес қабылдайды.
3. Қаржы мониторингі субъектілері мынадай талаптарға сәйкес келетін клиенттермен ғана іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілімен орнатады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 жылғы № 301 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаға не заңды тұлғаға сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-жеке тұлға немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір берілген жеке не заңды тұлға;
2) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлға болып табылмайды;
3) клиент (оның өкілі) және бенефициар меншік иесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар (эмбарго) қолданылатын белгіленген тұлға немесе ұйым болып табылмайды;
4) клиент КЖТҚҚ туралы заңның 5-бабының 7-тармағына және ішкі бақылау қағидаларына сәйкес тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану талап етілетін тәуекел деңгейі берілген тұлға болып табылмайды.
2) жеке тұлға клиенттің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге, оның ішінде қажет болған кезде үшінші тұлғаларға беруге оның сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің болуы;
3) жеке тұлға клиенттің (оның өкілінің) және бенефициар меншік иелерінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді, сақтауды, беруді және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің болуы;
5. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді тіркеу іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатқанға дейін КЖТҚҚ туралы заңның 6-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 жылғы № 301 Қаулысына сәйкес (29.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 15.03.2021 жылғы № 48 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) немесе егер жеке тұлғаны қаржы мониторингі субъектісі бұған дейін жеке қатыса отырып сәйкестендірген жағдайда, жеке тұлғаны сәйкестендіру және аутентификаттау кезінде қаржы мониторингі субъектісі ақпарат алмасу туралы келісім жасаған екінші деңгейдегі банк немесе Ұлттық пошта операторы шығарған төлем карточкасының деректемелері (төлем карточкасының нөмірі, қолданылу мерзімі, төлем карточкалары жүйесінің атауы);
5) немесе әріптердің, цифрлардың немесе таңбалардың комбинациясын білдіретін бірегей сәйкестендіруші немесе клиентті сәйкестендіру үшін қаржы мониторингі субъектісі белгілеген және онымен келісілген өзге сәйкестендіруші.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде және Талаптардың 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау тәсілдерінің біреуін немесе жиынтығында бірнешеуін қолдануға жол беріледі.
осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген клиентті сәйкестендіру және аутентификаттау тәсілдерінің жиынтығында біреуімен немесе бірнешеуімен;
өмірді сақтандыру шарттарын, аннуитеттік сақтандыру шарттарын және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру ұйымдары және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасқан кезде;
КЖТҚҚ туралы заңның 5-бабының 6-тармағына сәйкес клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдаған кезде пайдаланылады.
7-1. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен іскерлік қатынастарды қашықтан орнатқан кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20160 болып тіркелген «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 18 қаулысына сәйкес клиентті биометриялық сәйкестендіруді міндетті түрде жүргізе отырып, клиентті екі факторлы сәйкестендіруді қолданады.
2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Клиентті биометриялық сәйкестендіруден өткізген кезде екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары мен Ұлттық пошта операторы клиентпен бейнеконференция сеансының жазбасын не қозғалысты анықтау технологиясын пайдалана отырып, клиенттің алынған шынайы бейнесін, оның ішінде аутсорсинг негізінде клиентпен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл, сақтауды қамтамасыз етеді.
2) не қаржы мониторингі субъектісінің Талаптардың 7-тармағында көрсетілген тәсілдермен клиентті аутентификациялау рәсімдерін кейін өткізуі арқылы жүзеге асырылады.
9. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру КЖТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына және ішкі бақылау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің анықтығын тексеруді қолжетімді дереккөздерінен алынған деректермен салыстыру арқылы жүргізген кезде қолжетімді дереккөздерінен алынған мәліметтер бар дерекқорлардан алынған ақпарат, үзінді-көшірмелер де растайтын құжаттардың көшірмелері болып табылады.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.06.2025 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (15.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде, КЖТҚҚ туралы заңда, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер бойынша іскерлік қатынастарды қашықтан орнатудан және (немесе) операцияларды жүргізуден бас тартады.».
Қаржы мониторингi субъектiсі клиентке іскерлік қатынастарды қашықтықтан орнату тәсілмен орнатудан бас тартқан кезде клиентті іскерлік қатынастарды келу тәртібімен орнату мүмкіндігі туралы хабардар етеді.