Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қазанда № 15893 болып тіркелді
Осы редакция 06.11.2018 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
2. «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10975 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
 ______________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 19 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
 ______________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 21 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
 ______________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 26 қыркүйек
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 615 бұйрығымен
бекітілген
«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Осы «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес әзірленген және объектінің құрылысына жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауа баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тәрбиелеу мен оқыту, тұру, тамақтану жағдайларына, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына, балаларды медициналық қамтамасыз етуге, меншік нысанына қарамастан балалар толық, толық емес, тәулік бойы болатын барлық түрдегі мектепке дейінгі ұйымдардағы (бұдан әрі – МДҰ) және сәбилер үйлеріндегі персоналды медициналық тексеріп-қарауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi