Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.01.2023
«Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 257-нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 желтоқсанда № 18014 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 3 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 09.12.2022 жылғы № 227-нқ Бұйрығына сәйкес 
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 460) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 249-нқ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16073 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта:
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сметалық нормалар жұмыстың түрлері бойынша технологиялық (техникалық-нормалау) карталардың, хронометраждық жұмыстардың нәтижелері, шет елдердің ілгерішіл нормаларын, есептеу-талдау әдістері негізінде әзірленеді, олардың нәтижелері бойынша элементтік сметалық нормалар деңгейінде құрылыс ресурстарына қажеттіліктер және оларды есептеудің қабылданған базасынан пайыздардағы лимиттелген шығындардың нормалары айқындалады.»;
«11. Жобалау сатысындағы сметалық құн конструкцияларға және жұмыстардың түрлеріне арналған сметалық құнның ірілендірілген көрсеткіштерін, ресурстар шығысының элементтік сметалық нормаларын және құрылыс ресурстарына арналған сметалық бағалардың қолданыстағы жинақтарын пайдалана отырып, осы Нормативтік құжатқа сәйкес айқындалады. Жобаланатын объект құрылысының сметалық құны жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптама органдарына жобаны ұсынған күні қолданыста болған ағымдағы бағаларда қалыптастырылады.»;
«14. Құрылысы бір күнтізбелік жылдан астам уақытқа жоспарланатын объектілер бойынша құрылыстың сметалық құны нормативтік ұзақтыққа және құрылыстағы бітеме нормаларына сәйкес және айлық есептік көрсеткіштің өзгерістер индексі арқылы алдағы кезеңдердегі көлемдерін индекстеумен күнтізбелік жылдар бойынша инвестициялардың көлемдерін бөлу жолымен айқындалады. Айлық есептік көрсеткіштің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 23-тармағына сәйкес жыл сайын жаңартылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайтын тиісті бес жылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамына сәйкес айқындалды.»;
16-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мердігердің сметасын (офертасын) дайындау кезінде әлеуетті жеткізуші (мердігер) ол құндық жеңілдікті ұсынатын ресурстарды дербес таңдайды. Жиынтық сметалық есептің барлық тараулары бойынша өз құрамында құрылыс объектілері (ғимараттары мен құрылыстары) бар ірі құрылыстарда мердігердің сметасына (офертасына) енгізілген біртекті ресурстар тиісті позициялар бойынша әрбір жеке смета бойынша бөлінуі және шарт бағасын қалыптастыру кезінде ескеріледі.»;
18-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 231 бұйрығымен бекітілген Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құрамындағы жұмыстар (қызметтер) түрлерінің тізбесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10766 болып тіркелген) жұмыстар енгізіледі, оның ішінде:»;
«49. Тікелей шығындар жұмысшылар еңбек ақысының, машиналар мен тетіктерді пайдалану (машинистердің еңбекақысын қоса алғанда), материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сметалық құнын ескереді. Тікелей шығындар құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын құрайды.
Тікелей шығындар қорытындыларды одан кейінгі жинақтаумен ағымдағы бағаларда осы ресурстардың бірлік құнына ресурстар көлемдерін қайта көбейту жолымен айқындалады.
Бағалардың ағымдағы деңгейіндегі құрылыстың сметалық құны қолданыстағы сметалық нормалар мен ресурстарға арналған бағалар, сондай-ақ конструктивтердің және жұмыстардың түрлері сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері негізінде айқындалады.
Үстеме шығыстар өндірістің жалпы шарттарын қалыптастырумен, оған қызмет көрсетумен, ұйымдастырумен және басқарумен байланысты құрылыс-монтаждау ұйымдарының шығындарын ескереді. Жергілікті сметаларда үстеме шығыстар осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген нормалар бойынша және тәртіпте машиналарды пайдаланудың құрамында жұмысшы-құрылысшылар мен машинистер жалақысының жиынтық шамасынан ескеріледі.
Полная версия
ИС BestProfi