Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығы
Редакция 27.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 24 қаңтардағы
№ 828 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 27.12.2024 жылғы № 747 Жарлығына сәйкес (31.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары»;
«2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар» деген тарауда:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті директорының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның ведомствосы департаменті директорының орынбасары»;
Полная версия
ИС BestProfi