ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 828 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53-құжат):
«12. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) ассамблеялары өз қызметін жүзеге асыру кезінде Ассамблеяның алдында есеп береді және жауапты болады.»;
«13. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының жұмыс органы әкім аппаратының құрылымына дербес құрылымдық бөлімше ретінде кіретін облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығы болып табылады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясының хатшылығын меңгеруші басқарады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясы хатшылығының меңгерушісін тиісті әкім Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.».
3. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары»;
Полная версия