Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 21 ақпандағы № 227-VІ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат):
1) 5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру саласындағы уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінің 4), 4-1), 6), 8-1), 8-3), 11), 11-1), 13), 14), 14-1), 14-2), 16), 19), 25), 27), 34), 38), 38-1), 38-2), 43-2), 44-3), 44-5), 46-11), 46-17), 46-18), 46-19) және 46-20) тармақшаларында көзделген өкілеттіктері әскери, арнаулы оқу орындарына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қолданылмайды.»;
2) мынадай мазмұндағы 5-2-баппен толықтырылсын:
«5-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сот төрелігі академиясына қатысты құзыреті
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сот төрелігі академиясына қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметінің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жекелеген бөлімдерін әзірлеуге қатысады;
2) Сот төрелігі академиясының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының жекелеген бөлімдерін және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлеуге қатысады;
3) Сот төрелігі академиясы қызметінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Сот төрелігі академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Сот төрелігі академиясына оқуға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) үлгілік оқу жоспарларын және үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
7) оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамалау, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) Сот төрелігі академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасы мен тағылымдамасын ұйымдастыру мен одан өту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) Сот төрелігі академиясына қайта қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) Сот төрелігі академиясының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлейді және бекітеді;
11) Сот төрелігі академиясының педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары, ғылыми жұмыскерлері лауазымдарына орналасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) Сот төрелігі академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
Полная версия
ИС BestProfi