Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2025
«Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 және «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 наурызда № 18375 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 16 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 02.06.2025 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес 
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 сәуірде ресми жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:
«4. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымына сәйкес, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп нысандары мен көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Акциялары (қатысу үлестері) компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындау құқығын беретін заңды тұлғаларға қатысты даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептің нысандары мен көрсеткіштер тізбесі ақпараттық сипатқа ғана ие және ол компанияның директорлар кеңесінің бекіту нысанасы болып табылмайды.
Даму жоспарының есебіне түсіндірме жазбада даму жоспары есебінің әрбір бөлімі бойынша түсініктемелер қамтылған және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілетін Қордың даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу, бекіту, мониторингілеу, іске асырылуын бағалау, ұсыну қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.»;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есеп бөлімдерінің құрылымын осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептің нысандары мен көрсеткіштер тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 9 сәуірде ресми жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларында:
«7. Компанияның даму стратегиясы даму стратегиясында көзделген даму стратегиясына қажетті негіздемелерді, стратегиялық картаны, схеманы, кестелерді, компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне берілген нысаналы мәндер бойынша есептеулер кіретін қосымшаларды қамтиды.
Компанияның стратегиялық картасы компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары көрсеткіштерінің декомпозициясын қамтиды және осы Қағидарларға 1-қосымшада көрсетілген нысан бойынша жасалады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Тиісті саланы (аяны) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) жоспарланған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші мамырынан кешіктірмей, компанияға мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін сандық және сапалық көрсеткіштерді жолдайды.»;
Полная версия
ИС BestProfi