Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.10.2020
«Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 114 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 наурызда № 18374 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 25 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 515 Бұйрығына сәйкес 
1. «Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11712 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы www.elicense.kz, (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.»;
«2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау»;
«3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау»;
Полная версия
ИС BestProfi