Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.05.2020
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 55 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 наурызда № 18411 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 12 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес  
1. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуін біліктілік тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт):
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт - 15 (он бес) минут.»;
Стандартқа 1, 2-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Стандартқа 3-қосымшасына осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес қазақ тілінде өзгеріс енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Полная версия
ИС BestProfi