"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес және "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 829 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысы.
Редакция 28.02.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.10.2020 жылғы № 624 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.05.2022 жылғы № 314 Қаулысына сәйкес (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.05.2023 жылғы № 386 Қаулысына сәйкес (18.05.2022 ж. редакцияны қараңыз) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.02.2024 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (18.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрін директорлар кеңесінің төрағасы етіп;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарын директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия