Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.03.2023
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 7-Ө бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.03.2023 жылғы № 152 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тарамағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті:
1) осы бұйрық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 16-тармағы 32), 33), 46) және 62) тармақшаларын, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 67) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Экология, геология және табиғи 
ресурстар министрі 
____________ М.Мырзағалиев
 2019 жылғы «___» __________
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігінің
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 1 тамыздағы
№ 7-Ө бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы» Ережесі
Осы Ереже өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 10.09.2019 жылғы № 27-Ө Бұйрығымен (01.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 24.02.2021 жылғы № 45-п Бұйрығына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, Министрлікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi