БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 972 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 қыркүйекте № 19367 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар) осы Қағидаларға сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттiк есепке алу – бірыңғай қазынашылық шоттан (бұдан әрі – БҚШ) және мемлекеттік мекемелердің шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай мәндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың реттелген жүйесі.
Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (бұдан әрі – ҚБШ) ақша қалдықтарын қамтиды.
Бюджеттік есепке алу шоттар жоспарына сәйкес операциялар қосарланған жазба тәсілімен шоттарда көрсетілетін кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды есепке алу болып табылады. Бюджеттік есепке алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
Бюджеттік есепке алу бюджет түсімдерін, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалар) іске асыруды қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) жөніндегі шаралар кешенін орындаумен және республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есепке алу және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарын жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және бюджеттің атқарылуы кезіндегі оның жай-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк жасаудың негiзі болып табылады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алудың құрылымдық бөлімшелерінің осы Қағидаларда көзделген талаптардың бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу, құжаттарды және мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.»;
«8. Бюджеттердің атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тіркелімдерінде жүргізіледі:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кітабы;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтердің, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, нысаналық қаржыландыру, жергілікті өзін-өзі басқару, сыртқы қарызды немесе байланысты грантты қайта айырбастау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор), Жәбірленушілерге өтемақы қорының, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттердің (бұдан әрі – ӘМСҚ трансферттері), Еуразиялық экономикалық одақтың ҚБШ, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарын, мемлекеттік сатып алу шоттарын, соманы анықтауға дейінгі шотты, бірыңғай қазынашылық шотындағы ақша қалдығына сыйақы шотын есепке алуға арналған);
осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
Полная версия

