Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5962 болып енгізілді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары
28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 39, 52 -тармақтардың екінші абзацындағы «510» сан «600» санмен ауыстырылды ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 № 472 Бұйрығымен (16.11.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 25.02.2022 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес (06.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 122-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 20.09.2010 жылғы № 472 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді 1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 23.02.2018 жылғы № 277 Бұйрығымен (30.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 07.03.2018 жылы тіркелді 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 жылғы № 972 Бұйрығына сәйкес (25.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 13.05.2024 жылғы № 284 Бұйрығына сәйкес (10.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары (бұдан әрі – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар) осы Қағидаларға сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттiк есепке алу – бірыңғай қазынашылық шоттан (бұдан әрі – БҚШ) және мемлекеттік мекемелердің шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай мәндегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытудың реттелген жүйесі.
Бірыңғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы (бұдан әрі – ҚБШ) ақша қалдықтарын қамтиды.
Бюджеттік есепке алу шоттар жоспарына сәйкес операциялар қосарланған жазба тәсілімен шоттарда көрсетілетін кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды есепке алу болып табылады. Бюджеттік есепке алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
Бюджеттік есепке алу бюджет түсімдерін, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалар) іске асыруды қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) жөніндегі шаралар кешенін орындаумен және республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есепке алу және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарын жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және бюджеттің атқарылуы кезіндегі оның жай-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк жасаудың негiзі болып табылады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алудың құрылымдық бөлімшелерінің осы Қағидаларда көзделген талаптардың бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу, құжаттарды және мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.»;
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы өз жұмысында осы Қағидаларды басшылыққа алады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 31.12.2015 жылғы № 738 Бұйрығына сәйкес (09.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 02.02.2016 жылы тіркелді
Полная версия

