«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысы
Редакция 13.05.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.02.2021 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (14.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс) қалыптастыру, орналастыру және орындау тәртібін айқындайды.
2. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруды, орналастыруды, салааралық үйлестіруді және оның орындалуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2-тарау. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
3. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген, осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жүргізіледі.
4. Қорғаныстық тапсырысты алушылар (бұдан әрі – алушылар) тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) ұлттық стандарттарға сәйкес қалыптастырады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Техникалық тапсырманы қалыптастыру кезінде сатып алынатын қорғаныстық тапсырыс өнімін жиынтықтау бойынша қосымша талаптарды қосуға жол беріледі.
Алушылар ұлттық стандарттар болмаған кезде қару-жарақты, әскери техниканы біріздендіру, стандарттау, жедел үйлестіру және олардың жаңа (тәжірибелік) үлгісін сатып алу мақсатында талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын көрсетіп, сатып алуға ұсынылатын әскери мақсаттағы тауарға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмысқа және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өніміне) техникалық тапсырманы дербес қалыптастырады.
Ұлттық стандарттар болмаған кезде тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауды, патентті, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, тауарды шығарған елдің атауын және өндірушінің атауын көрсетуге жол беріледі.
Алушы заттай мүлік бойынша техникалық тапсырманы жасау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелерге арналған заттай мүлікті қоспағанда, кемінде 30 % шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талапты көздейді.
5. Алушылар қаржы жылының алдындағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей, қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделгенде (бұдан әрі – қаражат уәкілетті органда болғанда) уәкілетті органға сатып алуға жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) және жеткізу орны туралы мәліметтер көрсетілген тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген техникалық тапсырманы қағаз және электрондық түрде қоса беріп, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді. Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жыл қаржы жылының алдындағы кезең болып табылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.11.2023 жылғы № 1044 Қаулысына сәйкес (27.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия