Близость слов: Окончание:





Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 222 қаулысы
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 желтоқсанда № 19710 болып тіркелді
Редакция 13.06.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілік тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға берілген микрокредиттер бойынша активтерді сыныптау туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша шартты міндеттемелерді сыныптау туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес электрондық тәсілмен берілген микрокредиттер (онлайн микрокредиттер) және олар бойынша анықталған алаяқтық фактілері туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың құрылымы туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиттік серіктестік жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаларға жеке пайдалануға арналған мүлікті кепілге қоя отырып берілген, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес есепті кезеңде берілген қарыздар бойынша өзгерістер туралы есептің нысаны;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес пайдалану бағыттары бойынша микрокредиттер туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымы жеке және заңды тұлғаларға берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымы берген, оның ішінде мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 2), 3), 4), 6), 7) тармақшаларында көзделген есептілікті тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (28.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.12.2021 жылғы № 112 Қаулысына сәйкес (22.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.05.2023 жылғы № 35 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (микроқаржы ұйымының орналасқан жері бойынша) осы қаулының 1-тармағының 5), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларында көзделген есептілікті ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін (қоса алғанда) ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi