Микроқаржылық қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V Заңы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.10.2024, 21.12.2024, 01.05.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды құрудың және қайта ұйымдастырудың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайының, қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерiн айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 03.07.2020 жылғы № 359- VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға осы Заңда айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;
5) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард;
6-тармақша алынып тасталды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2) мінсіз іскерлік бедел – өтелмеген немесе алынбаған сотталғандының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) сервистік компания – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде және (немесе) осы Заңның 9-1-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғамен жасалған банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – сенімгерлік басқару шарты) шеңберінде банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сенімгерлік басқару бойынша, оның ішінде банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту бойынша, өзімен сенімгерлік басқару шарты жасалған тұлғаның мүдделерін сотта білдіру бойынша, борышкерден ақша және (немесе) өзге де мүлік қабылдау бойынша өкілеттіктерге және осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және сенімгерлік басқару шартында көзделген өзге де өкілеттіктерге ие болған, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымы, коллекторлық агенттік;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2022 № 133-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-2) тұтынушылық микрокредит – жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген микрокредит болып табылмайтын, жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін микрокредит;
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасы
2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)