Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктеріне және жол картасын орындауға жауапты ұйымдарға (келісім бойынша):
1) Шаралар кешенін іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;
2) жарты жылдың соңғы айының 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шаралар кешенінің іске асырылу барысы туралы ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы _________ № ___ қаулысымен бекітілген
Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешені
|
№ |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Қаражат бөлу қажеттілігі |
|
Заңнамалық акт деңгейінде бекітуді талап ететін ережелер |
|||||
|
|
Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді институттарының бірі ретінде тұтыну дауларын сотқа дейін реттеу субъектілеріне жатқызу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінде өзін-өзі реттейтін ұйымдарды бекіту.
|
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
СИМ |
Талап етілмейді |
|
|
ӨРҰ мүшелері мен мүше ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар арасында туындайтын дауларды қарау жөніндегі мамандандырылған органды ӨРҰ-да құру мүмкіндігін қарастыру |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
СИМ |
Талап етілмейді |
|
|
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органды тұтынушылардан келіп түскен шағымдары және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету міндетін енгізу |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
СИМ |
Талап етілмейді |
|
|
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне өз мүшелері туралы өзекті ақпарат беру туралы міндетін енгізу |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
СИМ |
Талап етілмейді |
|
|
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын реттеуші органдарға өтінішхаттарды жіберу бойынша, олардың кәсіби немесе кәсіпкерлік қызметтің жосықсыз субъектісінен, теріс пайдалануынан, мүдделілігінен немесе тәуелділігінен көрінетін тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі тиімсіз қызметті жүзеге асыруына байланысты оларға қатысты шараларды қолдану туралы құзырет беру. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
СИМ |
Талап етілмейді |
|
|
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктерге мыналар: 1) тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу орындарына бару; 2) тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) бақылау сатып алуды жүзеге асыру; 3) ҚР қолданыстағы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізу орындарына барған кезде жасалатын әрекеттерді фото, аудио, бейне тіркеуді қолдану; 4) тұтынушылық сауаттылықты және тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын беру. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
СИМ |
Талап етілмейді |
|
|
Мемлекеттік органдар тарапынан реттеу жоқ қызмет салаларында міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді құру мүмкіндігін қарастыру |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
желтоқсан 2020 жыл |
ҰЭМ, СИМ, «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) |
Талап етілмейді |
|
|
Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты: 1) мүшелікке қабылдаудың шарттары мен тәртібін бұзғаны және ӨРҰ-ға мүшелікті тоқтатқаны үшін; 2) мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз ету тәсілдерінің болмағаны, сол сияқты өтем қорының қаражатын ӨРҰ-ның өзге де құралдарымен араластырғаны үшін; 3) ӨРҰ мүшелері, тұтынушылар және өзге тұлғалар арасында туындайтын дауларды қарау жөніндегі органның болмауы, сол сияқты тиімсіз қызметі үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу. |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдау |
Желтоқсан 2020 жыл |
ҰЭМ, СИМ, ИИДМ, ДСМ, ЭМ, АШМ |
Талап етілмейді |
|
Өзін-өзі реттеуді белсенді дамыту есебінен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар
|
|||||
|
|
Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тәуекел дәрежесін төмендету мәніне арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, сондай-ақ тексеру парақтарын қайта қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
маусым 2020 жыл |
ҰЭМ, ОМО |
Талап етілмейді |
|
|
Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған ӨРҰ стандарттарын әзірлеуді мемлекеттік бюджет немесе өзге де қаражат есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Желтоқсан 2020 жыл |
ҰЭМ, СИМ, ДСМ және ОМО |
Талап етілмейді |
|
|
Мемлекеттік органдардан және өзін-өзі реттейтін ұйымдардан түсетін ақпарат базасында әкімшілік аумақ және қызмет түрі бөлінісінде өзін-өзі реттейтін ұйымдардың (және олардың мүшелерінің) бірыңғай тізілімін қалыптастыру |
Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың бірыңғай тізілімі |
Желтоқсан 2020 жыл |
ҰЭМ, СИМ және ОМО |
Талап етілмейді |
|
|
Осы салаларда өзін-өзі реттеу мәніне тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша ең көп проблемалар бар кәсіпкерлік қызмет салаларының тізбесін қалыптастыру |
Ең көп пробламалары бар кәсіпкерлік қызмет салаларының тізбесі |
желтоқсан 2020 жыл |
ҰЭМ, СИМ, ДСМ және ОМО |
Талап етілмейді |
|
|
Жарнамалық және маркетингтік қызметтерді субсидиялауды енгізудің, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері үшін олардың ақпаратты тарату және өз тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін өткізу жөніндегі электрондық сауда алаңдарын құрудың орындылығын қарау (қолма-қол ақшасыз төлемдерді, электрондық сауданы дамытуға, бизнестің әлеуметтік және материалдық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді) |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
желтоқсан 2020 жыл |
ҰЭМ, СИМ, ОМО |
Талап етілмейді
|
|
|
Кәсіпкерлік қызметті өзін-өзі реттеу артықшылықтары туралы ағарту жұмысы: - тұтынушылар үшін сапалы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді алу, ТЖҚ сапасына және материалдық шығындарды өтеуге байланысты шағымдарды сотқа дейін реттеу бөлігінде; - кәсіпкерлік субъектілері үшін, мемлекеттік ықпалды төмендету, беделін арттыру, өзін-өзі тазарту, нәтижесінде мемлекеттің араласуынсыз өз қызметін дербес реттеу мүмкіндігі (міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу) |
БАҚ ақпараттық материалдар, дөңгелек үстелдер, брифингтер |
Жүргізілген іс-шаралар туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарынд тоқсан сайын орналастыру |
ҰЭМ, СИМ, ОМО және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері |
Бөлінетін қаражат шеңберінде |
|
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жүзеге асыратын қоғамдық бақылауды күшейту жөніндегі іс-шаралар
|
|||||
|
|
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ тұтынушылардың осындай қоғамдық бірлестіктерінің бірыңғай тізілімін енгізу мақсатында құрылатын қоғамдық бірлестіктерге ерекше мәртебе беру мүмкіндігін қарау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Желтоқсан 2020 жыл |
СИМ, АҚДМ
|
Талап етілмейді |
|
|
Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің тұтынушыларға ұсынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын бағалау тұрғысынан, оның ішінде бақылау сатып алуды жүргізу жолымен кәсіпкерлік субъектілерінің тәуелсіз рейтингтерін жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу |
Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының рейтинг және бақылау сатып алу жүргізу әдістемесі |
Желтоқсан 2020 жыл |
СИМ, ДСМ, ОМО, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері |
Талап етілмейді |
|
|
Тұтынушылардың мүдделерін білдіру және сараптамаларды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау мәселелерін пысықтай отырып, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жанынан тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасына сараптама жасау мүмкіндігін қарастыру. |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Желтоқсан 2020 жыл |
СИМ, ДСМ |
Талап етілмейді |
|
|
Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының рейтингін және бақылау сатып алуды пилоттық режимде өткізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Маусым 2020 жыл |
СИМ, ДСМ |
Талап етілмейді |
|
Санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі іс-шаралар |
|||||
|
|
Соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасының Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзушылықтар ең көп анықталған әкімшілік аумақ пен қызмет түрі бөлінісінде кәсіпкерлік қызмет салаларының тізбесін қалыптастыру |
Кәсіпкерлік қызмет салаларының тізбесі |
Маусым 2020 жыл |
ДСМ, ОМО, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері |
Талап етілмейді |
|
|
Өзін-өзі реттеуді немесе қоғамдық бақылауды енгізу есебінен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы туралы заңнама нормаларын осы салаларда бұзушылықтарды қысқарту мәні бойынша тізбедегі кәсіпкерлік қызметтің әр түрі бойынша іс-қимылдардың жеке алгоритмін әзірлеу |
Іс-қимылдар алгоритмдері |
Желтоқсан 2021 жыл |
ДСМ, ҰЭМ, СИМ, ОМО |
Талап етілмейді |
|
|
Бекітілген іс-қимылдар алгоритмдеріне сәйкес пилоттық жобаларды енгізу және сүйемелдеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Маусым 2021 жыл |
ДСМ, ҰЭМ, СИМ, ОМО, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері |
Талап етілмейді |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
СИМ – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ОМО – орталық мемлекеттік органдар
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӨРҰ - Өзін-өзі реттейтін ұйымдар
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Бизнеске, атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке өзін-өзі реттеуді және қоғамдық бақылауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негізі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 36-тармағына сәйкес
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
5. Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
Бизнесте, әсіресе санитариялық-эпидемиологиялық салада қызметті өзін-өзі реттеу және қоғамдық бақылауды дамыту институтының тиімділігін арттыру және қолдану аясын кеңейту бойынша шаралар қабылдау.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Талап етілмейді.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Талап етілмейді.
8. Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат.
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі.
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).
Жоба (____кбайт) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында http://trade.gov.kz/, http://trade.gov.kz/about/nt-deyatelnost/ сайттың кіші бөлімінде 2019 жылы 15 қарашада орналастырылған.
Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылы 15 қарашада орналастырылған. (Байт саны: ____ ).
11. Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Сәйкес келеді.
13. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептеулердің нәтежелері.
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қортындыларымен келіспеу себептерінің негіздемесі.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

