Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Данный документ находится в процессе изменения
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
  Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ Заңы
Осы Заң күшін жойды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР 20.04.2023 жылғы № 224-VII Кодексіне сәйкес
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 13.05.2020 № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгеріс «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар күшіне енген күннен бастап күшіне енеді).
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң азаматтарды міндетті әлеуметтiк сақтандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн белгiлейдi және әлеуметтік тәуекел жағдайы басталған кезде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын құруға байланысты қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) асырауындағылар санының коэффициентi – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерiнiң санына қарай айқындалатын коэффициент;
3) асыраушы – өзiнiң асырауындағы отбасының еңбекке қабiлетсiз мүшелерiн өз кірісі есебiнен асырайтын адам;
4) әлеуметтiк аударымдар – әлеуметтік аударымдарды төлеушілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін ақша;
5) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек –Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
6) әлеуметтiк аударымдар мөлшерлемесі – әлеуметтiк аударымдар есептелетін объектiнiң шамасына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетiн мiндеттi төлемдердiң тiркелген мөлшерi;
7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам;
8) әлеуметтiк тәуекел – еңбекке қабілеттіліктен айырылуға және (немесе) жұмысынан айырылуға, асыраушысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуға әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның нәтижесінде мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелерi осы Заңға сәйкес әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ие болады;
8-тармақша өзгертілді ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңымен (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
9) әлеуметтiк төлемдер – әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
10) әлеуметтiк төлемді алушы (бұдан әрi – алушы) – әлеуметтік тәуекел жағдайы басталғанға дейін өзі үшін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өзіне қатысты әлеуметтiк төлемдерді тағайындау туралы шешiм шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (coт хабарсыз кеттi деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерi;
10-1) бірыңғай төлем төлеуші – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабында айқындалған салық агенті;
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2022 № 168-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап)
11) еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті – жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күндердің санына қарай айқындалатын коэффициент;
12) еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициентi – мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушының жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiне қарай айқындалатын коэффициент;
13) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
Полная версия
ИС BestProfi