Близость слов: Окончание:





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі
ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8 нормативтік қаулысын қараңыз
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 15.04.2024 жылғы № 72-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абилитация – мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
2) адамға (отбасына) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – мансап орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңымен (21.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған бағаның шектері – арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген мемлекеттік құнын қамтамасыз етуге арналған тарифтердің ең жоғары және ең төмен деңгейлері;
6) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) – осы Кодекстің 133-бабында көзделген, адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, оны өз бетінше еңсере алмайтын негіздер бойынша осындай деп танылған адам (отбасы);
7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы);
2025 жылдың 1 қантардан бастап ҚР 15.04.2024 жылғы № 72-VIII Заңына сәйкес 8-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін ##көрсету@@ 
8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын ең төмен талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
10-1) арнаулы әлеуметтік төлем – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
1-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.12.2023 жылғы № 49-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
Полная версия
ИС BestProfi