1-бабы 1-тармағының күші осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады Осы Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 321-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасалған зейнетақы аннуитеті шарттарына қолданылмайды.».
1-баптың 2-тармағы осы Заңның 2-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«10. Сотталғандарға мекемеде тиісті техникалық жағдайлар болған кезде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту нысанында оқуға рұқсат етіледі.».
«7) «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда жұмыс істейтін жетекші ғалымдардың шығармашылық демалысы.»;
«146-2-бап. Ғылыми қызметкерлердің еңбегін реттеу
Ғылыми қызметкерлердің еңбегі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекспен реттеледі.».
4. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
94) тармақшадағы «уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия

