«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.11.2021 жылғы № 849 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 589 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 505-құжат).
3. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 364 қаулысы.
4. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы28 желтоқсандағы № 1414 қаулысы.
_______________________
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясына қосымша
Холдингтің стратегиялық картасы
МЖЖ бірінші деңгейіндегі құжат |
МЖЖ екінші деңгейіндегі құжат |
МЖЖ үшінші деңгейіндегі құжат |
Стратегияда көзделген холдингтің ҚТК |
ҚР 2025 Стратегиялық жоспары: 1) АӨК-де еңбек өнімділігін 5 жыл ішінде және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2017 жылмен салыстырғанда кемінде 2,5 есе ұлғайту; 2) Қазақстан-Мажарстан тікелей инвестициялар қорының тәжірибесін ескере отырып, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына инвестициялар тарту мақсатында жаңа инвестициялық қорлар құру мәселелері пысықталатын болады. |
АӨК мемлекеттік бағдарламасы: 1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің индексі 2015 жылғы деңгейге қарағанда 2021 жылы – 267 %; 2) ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 2015 жылғы деңгейге қарағанда 2021 жылы – 516 %; 3) қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 2021 жылы – 2 400 млн. АҚШ. доллары «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: 1) белсенді жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімі 10 %-ды құрайды; 2) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі кемінде 20%; 3) ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттер/микрокредиттер саны – 14000. |
АШМ-нің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары: 1) еңбек өнімділігінің индексі: - ауыл шаруашылығында 2015 жылғы деңгейге қарағанда 267 %-ға дейін; - тамақ өнімдерін өндіруде, өткен жылға қарағанда нақты мәнде 110,5 %-ға дейін; 2) АӨК өнімдері экспортының 2400 млн. АҚШ долларына дейін өсімі; 3) 2015 жылғы деңгейге негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі - ауыл шаруашылығы 516 %-ға дейін; - азық-түлік өндірісіне 221,9 %-ға дейін; 4) ауылдағы қаржыландырылған бастапқы бизнестің үлесі, кемінде 20 %; |
1) азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі; 2) негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыру көлемі; 3)қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша еңбек өнімділігі; 4) холдингтің көмегімен өнім экспортының көлемі; 5) ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары лизингінің көлемі; 6) бюджеттік қаражат көлемінің бюджеттен тыс тартылған қаражаттарға арақатынасы; 7) микрокредиттермен қолдау тапқан ауылдық елді мекендердегі, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалалардағы бастапқы бизнестің үлесі; 8) холдингтің корпоративтік басқару рейтингі; 9) негізгі кредит беру және лизинг процестерін автоматтандыру деңгейі; 10) холдингтің ЕҰ несие қоржыны бойынша қалыптастырылған резервтердің (провизиялардың) оңтайлы деңгейін қолдау. |
_________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 қаулысымен бекітілген
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2020 – 2029 жылдарға арналған даму стратегиясы
Кіріспе