Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.02.2020
"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.02.2020 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес 
Редакция 28.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2012 жылғы № 364 Қаулысымен (27.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 52 қаулысымен
бекітілген
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы
Даму стратегиясы өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2011 жылғы № 589 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.07.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Даму стратегиясы өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.03.2012 жылғы № 364 Қаулысымен (27.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Даму стратегиясы өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2013 жылғы № 1414 Қаулысымен (29.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Қазіргі уақытта Қазақстанның аграрлық секторы ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының және ауыл шаруашылығы малдары өнімділігінің төмендігіне, ескірген технологияларды пайдалануға, қосылған құны төмен өнім шығаруға, сала субъектілерінің инновациялық белсенділігінің әлсіздігіне негізделген төмен еңбек өнімділігімен сипатталады. Сала тозығының деңгейі 80 пайызға (бұдан әрі – %) жететін ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрі – ауылшартехникасы) жаңартуды қажет етеді. Ауылшартехникасының басым бөлігі 1991 жылға дейін шығарылған.
Республикада негізгі егістік алаңдары дәнді дақылдарға арналады, оның шамамен 85 %-ы немесе 13 миллион (бұдан әрі – млн.) гектарға (бұдан әрі – га) бидай егіледі. Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен асады, ал артылып қалғаны қалыптасқан дүниежүзілік орташа бағамен экспортталады. Негізгі экспорттық өткізу нарықтары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері (бұдан әрі – ТМД), Еуропа Одағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері болып табылады. Сала Ресей мен Украина тарапынан бәсекелестіктің өсуі жағдайында дамуда. Экспорттың перспективалық бағыты Қытай Халық Республикасының нарығы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің (бұдан әрі – АШТӨ) көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға қолжетімділігін арттыру, күзгі кезеңде астықты кепілдендірілген өткізуді қамтамасыз ету, бірыңғай экспорттық саясатты әзірлеу және астықты сақтаудың және экспорттық аударып тасымалдаудың инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ) қатысуымен Бірыңғай астық холдингі құрылды.
Көкөніс, картоп, бақша дақылдарының отандық өндірісі халықтың қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда жеміс, жүзім бойынша импортқа тәуелділіктің жоғары болуы байқалады.
Мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы құралымдарында (бұдан әрі – ауылшарқұралымдары) мал басы барлық түрлерінің тұрақты өсімі байқалады. Алайда малдың әртүрлі түрлері бойынша асыл тұқымды мал басының үлес салмағының төмендігі, мал басының негізгі санының тұрғындардың шаруашылықтарында шоғырлануы, жоғары өнімді мал мен құстың тез өсуі үшін репродуктивтік базаның әлсіздігі саладағы өндірістің өсімін тежейді.
Генетикалық әлеуетті дамыту, малды бағу мен өсірудің қазіргі заманғы технологияларын енгізуді ынталандыру, жайылым жерлерді игеру әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын экологиялық таза мал шаруашылығы өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі Кеден Одағы елдерінің өндірушілерімен бәсекелестіктің өсуімен сипатталады. Тамақ өнімдерінің отандық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігіне өнеркәсіптік өңдеуге жарамсыз шикізаттың төмен сапасы, шикізатты дайындау және жеткізудің, шикізатты тасымалдау, сақтау және өткізу инфрақұрылымының дамымауы, ескірген жабдықтар, сауда желілерінің монополиялылығы, шикізатты маусымдық сатып алуға айналым қаражатының жетіспеушілігі, ішкі нарықта арзан сапасы нашар импорттық өнімдердің болуы кері әсерін тигізеді. Республикада нарықтарда ет-сүт, май өнімдерінің және жеміс-көкөніс консервілерінің импорттық өнімдері үлесінің жоғары болуы байқалады.
Жалпы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің және негізгі өндірістік көрсеткіштердің өсімімен сипатталады.
Еңбек өнімділігінің, өсімдік шаруашылығындағы шығымдылықтың, мал шаруашылығындағы өнімділіктің әлемдік көрсеткіштермен салыстырғандағы төмен деңгейі, ұлан-байтақ ауыл шаруашылығы жерлерінің болуы АӨК қарқынды дамыту үшін әлеует құрады.
Полная версия
ИС BestProfi