«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес, сондай-ақ мемлекеттік органдарда құжат айналымды және іс жүргізуді жүзеге асыру рәсімдерін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 136 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ақпараттық жүйелер мен жабдықтардың техникалық сүйемелденуі мен тұрақтылығын, сондай-ақ қолданыстағы электрондық құжаттардың сақталуын қамтамасыз етсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 136 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы №355 Қаулысымен (25.03.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (25.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларында:
«26. Заңның 44-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына (бұдан әрі – әділет органдары) жіберіледі.
Мемлекеттік тіркеу әділет органдарына әзірлеуші мемлекеттік органнан келіп түскен күннен, ал бірлескен нормативтік құқықтық акт қабылданған жағдайда – негізгі жауапты әзірлеуші мемлекеттік органнан келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 185 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) хаттамалық шешімдерін іске асыру үшін қабылданған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу мұндай акт әділет органдарына түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізіледі.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізудің тәртібі мен нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.».
4. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларында:
«23. Қаулы жобаларын мемлекеттiк органдарда қарау және келiсу олар түскен күнiнен бастап мынадай мерзiмнен аспауға тиiс:
1) Регламентте көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулы жобалары – 10 (он) жұмыс күні;
2) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ гуманитарлық көмек мәселелерi бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 185 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) хаттамалық шешімдерін іске асыру үшін қабылданатын қаулы жобалары – 1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік органдармен бұрын келісілген қаулы жобаларын қайта келісу мерзімі (мемлекеттік органның құзыретіне кірмейтін бөлігінде жобаның мәтіні өзгерген жағдайда) мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен, ал осы Регламенттің 45-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жобалар бойынша 1 (бір) жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
«47. Тиісті аумақта карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндiк аймақты белгiлеу (күшiн жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін, сондай-ақ Мемлекеттік комиссияның шешімдерін іске асыру үшін әзірленген жобаны келісу келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, бұл ретте мүдделі мемлекеттік органдарға және әділет органдарына бір уақытта жіберілуі шарт.»;
«49. Алынған ұсынымдар, ескертулер және ұсыныстар ескеріле отырып, сондай-ақ олармен келіспеген жағдайда, пысықталған нормативтік құқықтық актінің жобасын қайтадан келісу қайта келісуге келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде, ал осы Қағидалардың 47-тармағында көзделген жобалар бойынша бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.».
Полная версия