Близость слов: Окончание:





«Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 20350 болып тіркелді
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, жолаушылардың, багаждың және жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру үшін халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсаттар беру және беруден бас тарту тәртібін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшулырды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 8 сәуірі
№ 190 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін атқарушысының
2010 жылғы 13 тамыздағы
№ 359 бұйрығымен
бекітілген
Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары
1. Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 1-тармағының 12) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиациялық маршрут (авиамаршрут) – авиатасымалдар пункттері арасындағы олардың үстінен әуе қатынасы жүзеге асырылатын жер бетiнiң географиялық сипаттамасы немесе географиялық сипаттамаларының комбинациясы. Ауданында ұшу/бару әуеайлағы орналасқан аудандардағы елді мекендер авиатасымалдар пункттері болып табылады;
Полная версия
ИС BestProfi