1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI Кодексі
Құжат мәтіндегі «профилактикалық бақылау мен қадағалау», «профилактикалық бақылау мен қадағалаудың», «профилактикалық бақылау мен қадағалауды», «профилактикалық бақылау және қадағалау» деген сөздер тиісінше «профилактикалық бақылау», «профилактикалық бақылаудың», «профилактикалық бақылауды», «профилактикалық бақылау» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 31.12.2021 жылғы 95-VII Заңына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2023 жылдан бастап) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 24.06.2025 жылғы № 196-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 14.07.2025 жылғы № 206-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) адам ағзасы – организмнің тіршілік етуін қолдау үшін қажетті белгілі бір физиологиялық функцияны атқаратын адам денесінің бір бөлігі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2025 жылғы № 206-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) адам жасушалары – адам организмінің биологиялық бірліктері, олардың әрқайсысы генетикалық ақпаратты қамтиды және организмнің тіршілік етуін қолдау үшін ерекше функцияны атқарады;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2025 жылғы № 206-VIII Заңына сәйкес (24.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тiршiлiк ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи және жасанды) табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторларының жиынтығы;
1-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2025 жылғы № 206-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
1-тармақ 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2025 жылғы № 206-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) алғашқы көмек бойынша сертификатталған жаттықтырушы – алғашқы көмек пен базалық жүрек-өкпе реанимациясы бойынша қосымша даярлықтан өткен адам;
4) анонимдік зерттеп-қарау – адамды жеке басын сәйкестендірмей, ерікті түрде медициналық зерттеп-қарау;
5) апат медицинасы – әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше ахуалдардың (бұдан әрі – төтенше ахуалдар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, төтенше ахуалдарды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмекті қамтитын медицина саласы;
5-1) әлеуметтік мәні бар аурулар – қоғамдық денсаулыққа, халықтың өмір сүру сапасына және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына елеулі әсер ететін, оның ішінде сырқаттанушылықтың немесе адам өлімінің жоғары деңгейі болатын аурулар;
1-тармақ 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.07.2025 жылғы № 206-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
7) әскери медицина – әскери-медициналық қызметтің ғылыми білімі (ғылыми-практикалық пәндер кешені) мен практикалық қызметінің жүйесін білдіретін, бейбіт уақытта және соғыс уақытында арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының әскерлерін, бөлімшелері мен ведомстволарын жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат ететін медицина мен денсаулық сақтау саласы;
7-тармақша өзгертілді ҚР 24.06.2025 жылғы № 196-VIII Заңымен (19.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) әскери-медициналық қызмет – әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуге арналған әскери қызмет немесе мемлекеттік қызметтің ерекше түрі көзделген жиынтығы;
9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер – әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар), өзге де бөлімшелер;
10) байыту (фортификация) – тағамдық өнімді өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған дәрумендерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;
11) бала (балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
Полная версия

