Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысы
І. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумағындағы шектеу іс-шаралары COVID-19 науқастарына арналған төсек қорының қамтылу пайызы (ТҚҚП) өлшемшарттары және 7 күн ішінде өлшемшарттардың мынадай мәндерінің біріне жеткен кезде R репродуктивті санының орташа мәні негізінде еңгізіледі:
- ТҚҚП > 90%, R=1-1.15;
- ТҚҚП = 70-90%, R=1.15-1.3;
- ТҚҚП=50-70%, R>1.3.
1. Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері осы қаулының І тармағында көрсетілген өлшемшарттардың мәндеріне жеткен кезде:
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б.) өткізуге тыйым салуды;
2) кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық кешендері жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды;
3) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шет елге емделуге шығуға екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:
- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;
- аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақыру хаты;
4) тиісті аумақтағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша іс-шараларды үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның және Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блок бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;
5) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы шектеуді;
6) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
7) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
8) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды және шектеуді;
9) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
діни объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ ара шаруашылығында растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
Полная версия

