Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.08.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 және «Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 638 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 5 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.07.2022 жылғы № 512 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 50, 320-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларында:
«7) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган;»;
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган;
7-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган;»;
«8-1) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;
8-2) жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган;»;
«16) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынады.»;
«11. МЭАҚ-та материалдар мен құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бағыттар бойынша топтастырылады.»;
2) «Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 13 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 1, 7-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларына:
«9. Қоршаған ортаны қорғау, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау саласындағы уәкілетті орган:
1) қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi;
2) өндіру және тұтыну қалдықтарын басқару;
3) парниктiк газдардың және озонды бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі;
4) климаттың және Жердiң озон қабатының мониторингi;
5) жойылуы қиын органикалық ластауыштар;
7) мемлекеттік экологиялық сараптама;
8) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
12) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жөнінде ақпарат дайындауды ұйымдастырады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын:
«9-1. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган:
1) электр энергиясын өндіру мен тұтыну және олардың серпінін талдау;
2) электр станциялары отынының шығыны;
3) энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі ақпаратты ұсынады.
9-2. Атом энергиясы саласындағы уәкілетті орган су пайдалану объектілері мен әуе кеңістігі мониторингі бойынша деректерді қоса алғанда, бұрынғы Семей сынақ полигоны аумағын радиоэкологиялық зерттеу жөніндегі ақпаратты ұсынады.
9-3. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздері жөніндегі ақпаратты ұсынады.»;
«15. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган:
1) республиканың минералдық-шикізат базасының жай-күйі және негізгі проблемалары;
3) жер қойнауын зерттеу саласындағы бақылау жөніндегі ақпаратты ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-тармақтармен толықтырылсын:
«15-1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган:
1) республикадағы көмірсутектер саласының жай-күйі мен негізгі проблемалары;
2) көмірсутектерін барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтандыру аймағында мұнайдың төгілуін жоюға әзірлікті және іс-қимылды қамтамасыз етудің ұлттық жоспары туралы ақпаратты ұсынады.
15-2. Уран өндіру саласындағы уәкілетті орган:
1) республикадағы уранның жай-күйі мен негізгі проблемалары;
2) уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу саласындағы мемлекеттік бақылау туралы ақпаратты ұсынады.»;
«24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
3) қалдықтар: қалдықтар түзілуінің негізгі көздері және олардың қысқаша сипаттамасы; жинақталған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі (өнеркәсіп саласы, қалдық түрі); жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі; қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу; қалдықтарды полигондарда орналастыру; қалдықтарды санитариялық сақтау; халықты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаумен және шығарумен қамту; тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды енгізу;
4) 2, 3, 4-санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама;
5) 2, 3, 4-санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;
6) өңірлерді газдандыру жөніндегі ақпаратты ұсынады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi