Близость слов: Окончание:





Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 желтоқсанда № 21763 болып тіркелді
Редакция 13.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 223-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.03.2023 жылғы № 38 Бұйрығына сәйкес (26.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары бекітілсін.
1) «Кәсіптік даярлықты бағалау және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 404 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11449 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларын бағалау қағидаларын, білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18577 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
«___»____________2020 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 11 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-249/2020
Бұйрығына 1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары
Полная версия
ИС BestProfi