1. Осы Кодекс адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі
Редакция 12.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылу шамасына қарай, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, табиғи ресурстың түріне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасында реттеледі.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттеледі.
4. Техникалық реттеу саласында және стандарттау саласында өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі – процестер), сәйкестікті бағалауға және растауға, аккредиттеуге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау кезінде, сондай-ақ осы Кодекске қайшы келмейтін шамада туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасында реттеледі.
5. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.
6. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісін шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа ретте, экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңдарына енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормалар қамтылған өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
5. Экологиялық қатынастар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады.
Полная версия