Близость слов: Окончание:





Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қаңтарда № 22123 болып тіркелді
Редакция 12.06.2023 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (02.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі бекітілсін.
2. Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі А. Иргалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Цифрлық
даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 22 қаңтардағы № 10
Бұйрықпен бекітілді
Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі
1. Осы Елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін болжамдау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бес жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерді қалыптастыру үшін әзірленді және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру құралы ретінде қолданылады.
2. Осы Әдістемені мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті атқарушы органы елдің және өңірлердің бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қалыптастырылатын болжамы шеңберінде салалар бөлінісінде жалпы ішкі өнім мен жалпы өңірлік өнім бойынша орта мерзімді болжамдарды әзірлеу кезінде қолданады. Жалпы ішкі өнім бойынша орта мерзімді болжамдарды әзірлеу және жаңарту кезеңділігі «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен реттелетін әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге байланысты.
Полная версия
ИС BestProfi