Близость слов: Окончание:





Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10555 тіркелді
Редакция 14.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2021 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (06.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.02.2022 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (10.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берілетін Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.08.2022 жылғы № 60  Бұйрығына сәйкес (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкінің 
басқарма төрағасы 
___________Қ. Келімбетов 
2015 жыл 30 қаңтар 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шарушылығы министрі 
___________А. Мамытбеков 
2015 жыл 24 ақпан 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
___________А. Сәрінжіпов 
2015 жыл 14 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
___________Т. Дүйсенова 
2015 жыл 3 ақпан 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму 
министрі 
___________Ә. Исекешов 
2015 жыл 16 ақпан 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
___________Б. Сұлтанов 
2015 жыл 26 ақпан 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
___________Қ. Қасымов 
2015 жыл 13 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Мәдениет және спорт министрі 
___________А. Мұхамедиұлы 
2015 жыл 15 қаңтар 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
___________В. Школьник 
2015 жыл 
Полная версия
ИС BestProfi