Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10555 тіркелді
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.03.2021 жылғы № 20 Бұйрығына сәйкес (06.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.02.2022 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (10.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы ескеріле отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 25.08.2022 жылғы № 60 Бұйрығына сәйкес (17.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)