Близость слов: Окончание:





«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24045 болып тіркелді
Редакция 24.10.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-23) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементтінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю. Ильин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 405 Бұйрыққа
1-қосымша
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін айқындайды және:
Полная версия
ИС BestProfi