«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24045 болып тіркелді
«Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.09.2025 жылғы № 406 Бұйрығына сәйкес (02.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементтінің күші жойылды деп танылсын.
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.