Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.06.2025
Қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26493 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 9 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 22.05.2025 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес
Редакция 12.11.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне және қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің логикалық ойлауына компьютерлік тестілеуден өту қағидалары мен шарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша нормативтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазым санаттары үшін шекті мәндер;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (12.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру қағидалары;
6) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша күшін жойды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 31.10.2022 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (12.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қаржылық мониторинг органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу қағидалары.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынуын;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4) Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж. Элиманов
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 Бұйрыққа 1-қосымша
Аттестаттауға жататын қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін тексеру үшін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары
1-бөлім. Жалпы ережелер
Полная версия

