Близость слов: Окончание:





Құқық қорғау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV Заңы
Құжат мәтініндегі «курсанттары (тыңдаушылары)», «курсанттар (тыңдаушылар)», «курсанттарына (тыңдаушыларына)», «курсанттарының (тыңдаушыларының)», «курсанттарға (тыңдаушыларға)» сөздері «курсанттары», «курсанттар», «курсанттарына», «курсанттарының», «курсанттарға» сөздерімен ауыстырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңы бойынша (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «жоғарылату», «жоғарылау», «жоғарылай алады», «жоғарылатуды»  сөздері «өсіру», «өсіру», «өсе алады», «өсіруді» сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (11.07.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.01.2023 жылғы № 188-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026, 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.07.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) – құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша жоспарлауға, іріктеуге (құжаттарды қабылдауға) және персоналды басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты, жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) алғашқы кәсіптік даярлық – құқық қорғау органдарына қызметке кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) аттестаттаудан кейінгі дамыту – құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) ауыстыру – қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ауысу – құқық қорғау органдарындағы қызметті тоқтатпастан құқық қорғау органында атқарып жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау органындағы лауазымға тағайындау;
2-1) басшы лауазым – өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) баянат – қызметкер қызмет әрекеті процесінде тікелей немесе уәкілетті басшыларға өтініш жасаған кезде ерекше нысандағы жазбаша баяндау;
3-1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) – құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) біліктілік талаптары – құқық қорғау органындағы лауазымға орналасуға үміткер азаматтарға олардың кәсіптік даярлық деңгейін, құзыреттілігін және нақты лауазымға сәйкестігін айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
4-1) ведомстволық деректер банкі – құқық қорғау органының бос лауазымға орналасуға резервке қойылған қызметке кандидаттар туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-2-тармақша алынып тасталды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-3-тармақша алынып тасталды ҚР 27.12.2019 № 292-VІ Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-тармақша алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 156-VIII Заңына сәйкес (08.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) кадрлық болжам – кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.10.2015 жылғы № 374-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2015 жылы № 209 (28687) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi