Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.01.2022
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25 қантар 2022 жылғы № 2 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.01.2022 жылғы № 3 Қаулысына сәйкес 
Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекетгік санитарлық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 "Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы" бүйрығы және «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсыіс-шараларды күшейту» және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 1 қаулысына (бұдан әрі - ЖО БМСД-ның № 1 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1.1. ЖО БМСД-ның № 1 қаулысының 1.7 тармағының 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7) Санитариялық-дезинфекциялық жүмыс режиміне күнделікті мониторинг жүргізу, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына және мониторингтік топтармен объектілерге түрақты мониторинг жүргізу;
1.2. ЖО БМСД-ның № 1 қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда
2. Білім басқармасының басшысы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары оқытуды қамтамасыз етсін:
1) мектепке дейінгі ұйымдарда - («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда) ата-аналардың өтініштері бойынша штаттық форматта;
2) жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар)
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда - штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта;
3) мектептен тыс ұйымдарда («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда)
4) жоғары оқу орындарында және колледждерде («қызыл» аймақ) аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
Білім беру ұйымдарының әкімшісінің калауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.
2.2. «2021-2022 оқу жылында білім беру үйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бүйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
1.3. ЖО БМСД-ның № 1 қаулысының 3-қосымшада 11 - жол мынадай редакцияда жазылсын:

Объектілер/салалар

Қызыл аймак

11.

6000 ш.м.дейінгіні қоса алғанда сауда алаңы бар сауда (азық-түлік) желілері

+

1.4. ЖО БМСД-ның № 1 қаулысының 3-қосымшасындағы 12,13,15 және 31- жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Б. Шиналиев
Полная версия
ИС BestProfi