Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.02.2022
Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы
 Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 3 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.02.2022 жылғы № 4 Қаулысына сәйкес  
Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде, Жамбыл облысының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз етілсін:
1) Қазақстан Республикасының және Жамбыл облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы барлық қаулыларының талаптарын орындау;
2) жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуды;
3) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
4) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;
6) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
7) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;
8) қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдансын;
9) Жамбыл облысы аумағында шектеу іс-шараларын осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) жүргізілсін;
10) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді;
11) «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтында орналастыруды;
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді;
13) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша жұмыс режимі белгіленбейді;
14) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда, «қызыл» (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) аймақтарда - объектілерді толтыру бойынша шектеулермен;
15) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау немесе ревакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) - қызметі шектеусіз;
16) осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
17) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
18) «Ashyq» жобасына қатысушылар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың, осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді.
2. Білім басқармасының басшысы, барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 36 қаулысының және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне:
1) 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарына сәйкес Қордай ауданындағы «Қарасу», «Аухатты», «Сортөбе», «Қордай», Жамбыл ауданындағы «Айша бибі», Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» пункттері арқылы кесіп өтуді қамтамасыз ету.
4. Қордай, Меркі, Жамбыл аудан әкімдері, Жамбыл облыстық денсаулық басқармасы:
1) ПТР зерттеудің теріс нәтижесі туралы анықтамасыз және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жолдамасы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатсыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды карантиндік стационарға тәулік бойы тасымалдауды қамтамасыз ету.
5. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:
1) Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
2) Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
6. Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы 2022 жылғы 17 қаңтардағы № 1 және «Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 2 Қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Б. Шиналиев
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 1 қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *

Объектілер/салалар**

Қызыл аймақ

 

1

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

 

2

Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар

+

 

3

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

 

4

Отельдер, қонақ үйлер

+

 

5

Әуежайлар

+

 

6

Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері

+

 

7

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы;

+

 

8

ХҚКО

+

 

9

Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

+

 

10

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (алдын ала жазылу бойынша)

+

 

11

СПА-орталықтар

+

 

12

Сауналар, моншалар,

+

 

13

Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері

+

 

14

Базарлар (жабық)

+

 

15

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша)

+

 

16

Қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары

+

 

17

Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін)

+

 

18

Балаларды сауықтыру ұйымдары

60%-ға дейін толтырылған кезде

 

19

Океанариум

60%-ға дейін толтырылған кезде

 

20

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

60%-ға дейін толтырылған кезде

 

21

Бильярд

60%-ға дейін толтырылған кезде

 

22

PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар

60%-ға дейін толтырылған кезде

 

23

Боулинг

60%-ға дейін толтырылған кезде

24

Цирктер

60%-ға дейін толтырылған кезде

25

Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар

бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң

26

Букмекерлік конторалар

бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң

27

Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір келушіге кемінде 10 ш.м. алаң, 60%-ға дейін толтырылған кезде

28

ЖОО, колледждер

практикалық, зертханалық, семинар сабақтары, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн

29

Орта білім беру ұйымдары:

 

 

1-4 бастауыш сыныптары (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар)

+

 

600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда

+

 

600 оқушыдан жоғары

мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен

30

Алкогольдік сусындарды сатпайтын асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

31

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету)

60%-ға дейін толтырылған кезде

«  » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); 
* - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру; 
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес). 
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 2 қосымша
Персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің тізбесі

р/с №

Объектілер/салалар *

«жасыл», «сары», «қызыл» аймақтар

1.

Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу

Шектеусіз

2.

Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар

3.

Көрмелер

4.

Марафондар (ашық ауада)

5.

Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар

6.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары

7.

Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу)

8.

Ойын клубтары (казино)

9.

Түнгі клубтар

10.

Караоке

11.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері

12.

Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері

13.

Бассейндер

* - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес). 
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 3 қосымша
«Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

1.

Өнеркәсіп

+

2.

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

4.

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.).

+

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.)

+

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

7.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

8.

Музейлер, кітапханалар

+

9.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

10.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

алдын ала жазылу бойынша

11.

6000 ш.м.дейінгіні қоса алғанда сауда алаңы бар сауда (азық-түлік) желілері

+

12.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

+

13.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т.б.).

80%-дан асырмай толтырғанда

14.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

алдын ала жазылу бойынша

15.

Қоғамдық көлік

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

16.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

+

17.

Мектепке дейінгі мекемелер

+

18.

Ұйымдар, кеңселер * (ескертуді қараңыз)

80% - қашықтықтан, 20% - күндізгі режим

19.

Діни объектілер

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей

20.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)***

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

21.

Жазғы алаңдар***

9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

22.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері***

24.00-ге дейін

23.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

24.

Моншалар

+

25.

Сауналар

(сенбі, жексенбіден басқа)

26.

СПА-орталықтар, бассейндер

(сенбі, жексенбіден басқа)

27.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалар) қозғалысы

ортақ вагондарсыз

28.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

ортақ вагондарсыз

29.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

-

30.

Спорт кешендері, йога-орталықтарды қоса алғанда спорттық- сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар,

(сенбі, жексенбіден басқа)

31.

Мәдениет объектілері (дайындық)

-

32.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

-

33.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

-

34.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

-

35.

Бильярд

-

36.

Компьютер клубтары

-

37.

Боулинг

-

38.

Цирктер

-

39.

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар)

-

40.

Ашық ауадағы аттракциондар

+

41.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

толтырылуы 30%-дан артық емес

42.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

-

43.

Ас беру

-

44.

Банкет залдары** (ескертуді қараңыз), ***

-

45.

Түнгі және ойын клубтары

-

46.

Караоке

-

47.

Океанариум

-

48.

Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар

-

49.

Көрмелер

-

50.

Лотерея клубтары, букмекерлік конторалар

-

51.

Мерекелік корпоративтер

-

«  » - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген; 
* - Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. 
** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді. 
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 4 қосымша
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу алгоритмі
Кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізу кезінде COVID-19-дың таралуының алдын алу мақсатында мынадай шаралардың сақталуын қамтамасыз ету қажет:
1. Үй-жайларда ауаны желдету/ауа баптау жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.
2. Ғимаратқа кіреберісте барлық кіретін адамдарға байланыссыз термометрия жүргізу, холлдарда антисептикалық құралы бар санитайзерлер орнату және кеңестерге (отырыстарға) қатысушылардың қолды антисептикалық құралдармен өңдеуін бақылау.
3. Кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларды залда әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызу.
4. Көзбе-көз кеңестерге (отырыстарға) қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаттың болуы немесе алынған сәтінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесін растайтын құжаттың болуы;
2) отырыс (кеңес) өткізілетін үй-жайда болған барлық кезең ішінде медициналық масканы пайдалану;
4) қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да нысандарын болдырмау.
5. Сөз сөйлеу ұзақтығы 30 минуттан артық болғанда және қатысушылардың бірінші қатарынан кемінде 3 метр қашықтықта болғанда спикерлерге қорғау құралдарын пайдаланбай сөйлеуге жол беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi