Мен, Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулылары негізінде, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ескере отырып, Жамбыл облысы 2022 жылдың 4 ақпанынан бастап «сары» аймаққа ауысты. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 42 Қаулысының 2-тармағының 8) тармақшасына сай карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді, Жамбыл облысының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) алдын алу мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Жамбыл облысы аумағында Карантиндік шектеу шараларын жеңілдету туралы Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 4 Қаулысы
Редакция 16.02.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы Қаулыларының және Жамбыл облысының осы Қаулысының талаптарын орындау;
2) Жамбыл облысы аумағында әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметін шектеу іс-шараларын жүргізу осы Қаулыға «Жасыл» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) аймақ үшін 1, 2-қосымшаларға (әлеуметтік-экономикалық объектілер жұмысын шектеу өлшемдері) сәйкес қабылданады.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.02.2022 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес (11.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:
1) Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2) Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
3. Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 3 Қаулысы күші жойылды деп саналсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Б. Шиналиев
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 4 қаулысына 1 қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
р/с № |
Объектілер/салалар** |
Жасыл аймақ |
Сары аймақ |
Қызыл аймақ |
1 |
Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
2 |
Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
3 |
Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар |
+ |
+ |
+ |
4 |
Отельдер, қонақ үйлер |
+ |
+ |
+ |
5 |
Әуежайлар |
+ |
+ |
+ |
6 |
Теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері |
+ |
+ |
+ |
7 |
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы; |
+ |
+ |
+ |
8 |
ХҚКО |
+ |
+ |
+ |
9 |
Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері |
+ |
+ |
+ |
10 |
Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (алдын ала жазылу бойынша) |
+ |
+ |
+ |
11 |
СПА-орталықтар |
+ |
+ |
+ |
12 |
Сауналар, моншалар, |
+ |
+ |
+ |
13 |
Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері |
+ |
+ |
+ |
14 |
Базарлар (жабық) |
+ |
+ |
+ |
15 |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша) |
+ |
+ |
+ |
16 |
Қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары |
+ |
+ |
+ |
17 |
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін) |
+ |
+ |
+ |
18 |
Балаларды сауықтыру ұйымдары |
+ |
+ |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
19 |
Океанариум |
+ |
+ |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
20 |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар |
+ |
✓ 70%-ға дейін толтырылған кезде |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
21 |
Бильярд |
+ |
✓ 70%-ға дейін толтырылған кезде |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
22 |
PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар |
+ |
✓ 70%-ға дейін толтырылған кезде |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
23 |
Боулинг |
+ |
✓ 70%-ға дейін толтырылған кезде |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
24 |
Цирктер |
+ |
✓ 70%-ға дейін толтырылған кезде |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
25 |
Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар |
+ |
✓ бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң |
✓ бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң |
26 |
Букмекерлік конторалар |
+ |
✓ бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң |
✓ бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң |
27 |
Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары |
+ |
✓ бір келушіге кемінде 10 ш.м. алаң |
✓ бір келушіге кемінде 10 ш.м. алаң, 60%-ға дейін толтырылған кезде |
28 |
ЖОО, колледждер |
+ |
+ |
✓ практикалық, зертханалық, семинар сабақтары, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн |
29 |
Орта білім беру ұйымдары: |
|
|
|
1-4 бастауыш сыныптары (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) |
+ |
+ |
+ |
|
600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда |
+ |
+ |
+ |
|
600 оқушыдан жоғары |
+ |
+ |
✓ мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен |
|
30 |
Алкогольдік сусындарды сатпайтын асхана типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) |
+ |
+ |
+ |
31 |
Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету) |
+ |
✓ 70%-ға дейін толтырылған кезде |
✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
« ✓ » - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру;
** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 4 қаулысына 2 қосымша
Персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің тізбесі
р/с № |
Объектілер/салалар * |
«жасыл», «сары», «қызыл» аймақтар |
1. |
Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу |
Шектеусіз |
2. |
Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар |
|
3. |
Көрмелер |
|
4. |
Марафондар (ашық ауада) |
|
5. |
Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар |
|
6. |
Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары |
|
7. |
Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу) |
|
8. |
Ойын клубтары (казино) |
|
9. |
Түнгі клубтар |
|
10. |
Караоке |
|
11. |
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері |
|
12. |
Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері |
|
13. |
Бассейндер |
* - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).