Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27071 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларында:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін бюджеттік есептілікті ұсыну мерзімін ведомство белгілейді. Мемлекеттік мекемелер бюджеттік есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген және олар бюджеттік есептілікті ұсынған күнге дейін мемлекеттік мекемелердің назарына жеткізген мерзімде ұсынады.»;
«11. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мынадай есептердің түрлерін жасайды және ұсынады:
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-АҚ нысаны);
филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);
өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 3-ӨШ нысаны);
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген 4-20-нысан бойынша бюджеттік сыныптама жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – 4-20-нысан);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – МӘСҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп 8-МӘСҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-МӘСҚ);
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп 8-ӘлМСҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 9-2-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 8-ӘлМСҚ).»;
«20. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары мынадай есеп түрлерін қалыптастырады және ұсынады:
республикалық, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы осы Қағидаларға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – бюджеттің атқарылуы туралы есептер);
шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
Полная версия
ИС BestProfi